Қызықты көктемгі демалыс
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде берген тапсырмасына сәйкес БҒМ «Оқуға құштар мектеп» жобасын бекіткен болатын. Бүгінгі таңда оқушылардың кітап оқу құзыреттілігін қалыптастыру өте маңызды міндет болып табылады. Осы мақсатта № 16 ЖОББ мектебінде де осы жоба жүзеге асырылып келеді. Осы жоба аясында оқушылардың көктемгі демалысын тиімді ұйымдастыру мақсатында мектеп жоспарына сәйкес оқушылардың көктемгі демалыстары кезінде «Білімді мыңды жығар» тақырыбында 2-4 сынып оқушылары арасында тәрбиелік шара ұйымдастырылды. Шара барысында 3 «ә» сынып жетекші А.К.Кубашева оқушыларға жобаның мақсат- міндеттері жайында , кітап оқудың маңыздылығы туралы айтып өтті. Оқушылар шара барысында кітаптың құндылығы, кітап оқудың адам өміріндегі маңыздылығы туралы кеңінен мағұлматтар алды. Шара сайыс түрінде оздырылды. Оқушылар екі топқа бөлініп,өз білімдерін сынға салды. Сергіру сәтінде оқушылар өздерінің оқыған кітаптарын түсіндіріп, талдау жасады. Оқушылар сайыс барысында өз білімдерін көрсетіп, бір бірімен ой бөлісті. Сайысқа қатысқан оқушыларға кітап ұстау ережесі жазылған жаднама сыйға берілді. Сонымен бірге кітап жайында жазылған нақыл сөздер жазылған алқа тарту етілді. Сайыс соңында әр топқа диплом табысталды. «Кітап – өмірдің ең алыс және қараңғы жолдарында жарық беретін шам» деген нақыл сөзде айтылғандай, ұрпақтарымыз кітап оқу құзыреттілігінің өте маңызды міндет екенін ұғынды.