10 Нау 2022
Жаңалықтар 16

Кітап – ақылдың қуаттаушысы

«Кітап – ақылдың қуаттаушысы»

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде берген тапсырмасына сәйкес  БҒМ «Оқуға құштар мектеп» жобасын бекіткен болатын. Бүгінгі таңда оқушылардың кітап оқу құзыреттілігін қалыптастыру өте маңызды міндет болып табылады. Осы мақсатта № 16 ЖОББ мектебінде  де осы жоба жүзеге асырылып келеді. Осы жоба аясында 16 ақпан күні  3 «ә» сыныбында «Кітап- ақылдың қуаттаушысы» тақырыбында мектеп кітапханасымен бірлесе отырып, шара  ұйымдастырылды. Шара барысында оқушыларға кітапханашысы Сатыбаева А.С. мектеп кітапханасының тарихымен, көрмелермен, «Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша жабдықталған бұрышпен таныстырып өтті. Оқушылар шара барысында кітаптың құндылығы, кітап оқудың адам өміріндегі маңыздылығы туралы кеңінен мағұлматтар алды. «Жақсы кітап- ақылды адамның әңгімесімен бірдей» деп Л.Толстой айтқандай ұрпақтарымыз  кітап оқу құзыреттілігінің   өте маңызды міндет екенін ұғынды. Бұл жоба елімізде ұлтжанды, патриот жастардың санын арттыра түсетін маңызды шара деп есептейміз.