11 Ақп 2022
Жаңалықтар 16

Махаббат пен шығармашылық педагогикасы

2021-2022 оқу жылының 02-12 ақпан аралығында мектебімізде Өзін өзі тану "Махаббат пен шығармашылық педагогикасы" атты онкүндік оздырылды. Мақсаты: оқушылардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді дарыту. Онкүндік аясында мазмұнды шаралар жалғасын тапты. 3 "ә" сыныбында "Мейірімділік" тақырыбында шара өткізілді. Оқушылар мейірімділік, адамгершілік, сыйластық туралы ойларын ортаға салып, рухани кештің куәсі болды.